шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллектке ие, жоғары білімді, кәсіби сауатты, тек шын мәнінде өмір сүруге ғана емес, оны жақсы жаққа өзгертуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының міндеттері:
- балалар мен жасөспірімдердің дарындылығын анықтаудың тиімді жүйесін құру, дарынды балаларды дамытуда сапалы психологиялық-педагогикалық қолдау;
- қабілетті және дарынды балалардың облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жобалар жарыстарына, зияткерлік ойындарға, конкурстарға, көрмелерге, конференцияларға, тренингтерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту;
- элитарлық білім беру жүйесінде жұмыс істейтін педагогтар үшін семинарлар, конференциялар, конкурстар өткізу.