2-4 сынып оқушыларына арналған «Funny English» ағылшын тілінен қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 10-11 қазанында 2-4 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен «Funny English» атты қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және көтермелеу, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, шет тілін меңгеру деңгейін арттыру.

    Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 3 962 оқушы, оның ішінде 1816 (немесе 45,8 %) қатысушы ауылдық жерлердегі мектептерден қатысты. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары Қостанай (1234 қатысушы), Рудный (440 қатысушы) және Арқалық қалаларының (420 қатысушы) оқушылары болды.

    Олимпиада қорытындысы бойынша 948 оқушы жүлдегер атанды, оның 107-і 1-орын, 296-сы екінші және 545-і үшінші орын алды. Бұл олимпиадада Б.Майлин ауданынан (37,5% сапа) және Рудный қаласынан (34,1%) бастауыш сынып оқушылары ең сапалы өнер көрсетті.

    Барлық жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар берілді.

     

    ИТОГИ