Педагогикалық идеялар фестивалі – 2020» республикалық конкурсының қорытындысы

Дата:
22.01.2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылға арналған  іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың  14-16 қаңтар күндері Сүлеймен Демирел атындағы университет базасында (Алматы облысы, Қаскелең қ.) «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді (бұдан әрі-Фестиваль).

Фестивальдің  мақсаты  - педагогтардың шығармашылық жағынан өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Фестивальға білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, гуманитарлық колледждер, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілер, психологтар, логопедтер, дефектологтар, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік және оқу-әдістемелік  орталықтардың  әдіскерлері қатысты.

Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған.

Фестивальдің бағыты коммуникативтік және басқа да құзыреттілік түрлерін дамыту, ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, заманауи мектептің кадрлық әлеуетін қолдау, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін сақтау және нығайту.

Педагогтер ерекше  идеялармен және осы идеяларды басқалармен - жаңа нәрселерді қабылдауға дайын адамдармен бөлісуге үлкен ниетпен қатысты.

Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізілді:

1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»;

2) «Шеберліік палитрасы»;

3) «Шығармашыл толқын»;

4)  «Сабақ аяқталған соң...»;

5) «Психолог қобдишасы».

Қостанай облысынан 10 қатысушы: Қостанай қаласы - 2; Рудный қаласы - 3; Лисаков қаласы -1; Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты - 2; Дарынды балаларға арналған Білім-инновация  лицей-интернаты - 1; «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты - 1.

ІІ дәрежелі диплом

Қатысушының Т.А.Ж.

Қызметі

Жұмыс орны

1.

Едревская Людмила Валерьевна

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Қостанай қаласы, №22 орта мектебі» ММ                                           

 

 

ІІІ  дәрежелі диплом

Қатысушының Т.А.Ж.

Қызметі

Жұмыс орны

  1.  

Сидлецкая Ирина Викторовна

Ағылышын тілі мұғалімі                          

Дарынды балаларға арналған Білім-                    инновация  лицей-интернаты

  1.  

Марышева Екатерина Александровна

Қосымша білім беру педагогы (БӨ)

Рудный қаласы, №5 бөбекжай бақшасы

  1.  

Скоробогатова

Анастасия Владимировна

Музыкалық жетекші

Рудный қаласы, №5 бөбекжай бақшасы

  1.  

Станогина Наталья Владимировна

Математика мұғалімі

 

«Қостанай қаласы, №22 орта мектебі» ММ                                           

 

 «Дарын» РҒПО грамоталары

Қатысушының Т.А.Ж.

Қызметі

Жұмыс орны

  1.  

Омиржанова Сайран

Еспаевна

Биология пәнінің мұғалімі

Рудный қаласы, № 15 орта мектебі

 

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен,«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталды.

Оставить комментарий