Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 5-6 наурызда Алматы қаласында республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мазмұны нақты білім беру процесі жағдайында кәсіби педагогикалық шеберлікті көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық идеяны қорғауды, кәсіби педагогикалық қызмет саласындағы педагог тұлғасының шығармашылық жағынан өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі анықтау қабілетін көздейді.
Қостанай облысынан конкурстың облыстық кезеңінен сәтті өткен 6 жас педагог қатысты, біз 4 қатысушының жеңімпаз және жүлдегер атанғанын және 1 педагог Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталғанын қуана хабарлаймыз.
І орын иегерлері: Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының тарих пәні мұғалімі Зулгариев Риза Дуйсенбайұлы және Б.Майлин ауданы білім бөлімінің №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Лескенов Ырысхан Ибрагимұлы!
II дәрежелі дипломмен марапатталғандар: «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі Қайрғали Нұрымжан Қайратұлы және Қамысты ауданы білім бөлімінің №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінің аға тәлімгері Ермекпаев Азамат Мұратұлы.
Лисаков қаласы білім бөлімі мектеп-гимназиясының педагог-психологы Чувякова Екатерина Джамаловнаның педагогикалық идеялары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен атап өтілді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық жеңістер тілейміз!
Оставить комментарий