Т.Е. Дәулетбаев атындағы оқушылардың XI өңірлік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

    Т.Е. Дәулетбаев атындағы оқушылардың «Өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуеті-Қазақстанның табысты индустриялық-инновациялық дамуының кепілі» атты дәстүрлі өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ базасында өтті. 

    Биыл ұйымдастыру комитеті Қостанай қаласы мен Қостанай облысының 80-нен астам мектебінен 1000-ға жуық ғылыми-зерттеу жобаларын тіркеді. Күндізгі кезеңге қатысуға облыстан 27 пәннен 555 жұмыс жіберілді. Қорғауға 479 жоба қатысты.

    Жұмыстарды таныстыру жария қорғау түрінде өтті. Секция жұмысына барлық ынта танытқандар қатысты.

    Оқушылардың ғылыми форумы өте өкілетті болды. Қостанай қаласының жоғары оқу орындарының жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамының оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен тамаша ынтымақтастығы пайда болды, әртүрлі жастағы пікірлестердің ортақ шығармашылық ортасы құрылды!

    Физика-математикалық лицейінің қабырғасындағы дәстүрлі конференция – қызығушылықтың, зерттеу процесіне терең бойлаудың дәлелі.                          

    Қорытындылау үш жас санатында жүргізілді: 1-4 сыныптар, 5-7 сыныптар, 8-11 сыныптар. 408 жоба жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде бірінші орын - 69, екінші орын-149 және 3 орын – 190.

    Сонымен қатар көптеген оқушылар әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. «Көрермендер көзайымы» ерекшеаталымын 50-ден астам бала иеленді.

     

    ИТОГИ