Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсы

     

    «Дарын» Республикалық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ Халықаралық конкурсын өткізді.

    Еліміздегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс қашықтықтан онлайн режимде өткізілді.

    Биыл Конкурс Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр.

    Байқау - ғылымға құштар талантты орта мектеп оқушыларының интеллектуалды сайысы. Бұл математикалық білім беру саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау формаларының бірі.

    Сайысқа Түркия, Индонезия, Франция, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 166 жобамен 218 оқушы қатысты.

    Қатысушылар «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика» және «Экономикадағы математикалық әдістер» секциялары бойынша www.webinar.daryn.kz платформасында жобаларын қорғады. 

    Байқауға Қостанай облысының атынан 9 адамнан тұратын команда қатысты, олардың 4-і жүлделі орындарға ие болды: 1 қатысушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломымен марапатталды (1 жоба), 1 қатысушы - II дәрежелі диплом (1 жоба) және 2 қатысушы - I дәрежелі диплом (2 жоба).

     Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына  электронды сертификаттар беріледі. 

    № п/п

    Т.А

    Білім ұйымы, өңір

    Орын

    1

    Богданчикова Ксения

    Физика-математикалық лицей, Қостанай қ.

    I

    2

    Кильдюшкин Никита

    М.Қозыбаев атындағы жалпы білім беретін №23 мектеп, Қостанай қ.

    I

    3

    Ибраева Дильназ

    №7 жалпы білім беретін мектеп, Қостанай қ.

    II

    4

    Пак Алина

    Физика-математикалық лицей, Қостанай қ.

    III