«Үздік психолог – 2024 жыл новаторы» байқауының республикалық кезеңінің қортындысы

    «El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры 2024 жылдың 18 наурызы мен 11 маусымы аралығында «Үздік психолог – 2024 жыл новаторы» атты республикалық онлайн-кәсіби шеберлік байқауын өткізді. Оған республиканың 13 өңірінен 29 педагог-психолог қатысты.

    Республикалық байқаудың қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша 6 жеңімпаз анықталды (бір бірінші орын, екі екінші орын, үш үшінші орын).

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Беимбет Майлин ауданы білім бөлімінің №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы ЫРЫСХАН ИБРАГИМҰЛЫ ЛЕСКЕНОВ байқаудың жеңімпазы атанды және Мажарстанда өтетін курсқа жолдама жеңіп алды!

    Жеңімпазды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!