Оқушылар мен мұғалімдерге арналған вебинарлар
Ағымдағы жылдың 14 және 16 қазан аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Қостанай облысының педагогтары мен оқушылары үшін 2 он-лайн сабағын өткізді.
Осы аптада сабақтар 8-ші және 10-шы сынып оқушылары және мемлекеттік тілді мектептері үшін тағайындалған болатын.
14 қазанда «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Ж.А. Ғаппаров «Булану және конденсация». Қаныққан және қанықпаған булар» тақырыбы бойынша сабақ өткізді. Сабаққа «Озат» мектеп-лицейінің оқушылары белсене қатысты. Балалар мен педагогтарға сабақ тақырыбы бойынша түрлі тапсырмалар ұсынылды.
16 қазанда «Гидропоника» вариативті курсының сабағы өтті. Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың педагогы А.М. Иманқұлова топырақсыз жасанды ортада өсімдіктерді өсірудің жаңа тәсілі туралы, гидропоника не деп аталатыны туралы айтып, осы тәсілді қолдану үшін қандай жағдайлар қажет екенін және осылайша балаларды биология сабақтарына қалай тартуға болатыны туралы түсіндірді.
Бұл сабақтарға Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 46 оқушысы мен педагогтары қатысты.
Сабақтың барлық материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.