«Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың 19-20 желтоқсанында Сарыкөл және Қарабалық аудандарының мектептерінде 8-11 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалау ұйымдастырылды. Диагностиканың 1 кезеңіне 393 оқушы қатысты, оның ішінде Қарабыалық ауданының 14 оқушысы диагностиканың 2 кезеңіне өтті.

«Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды.

8-11 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді. Байланыс орталығының нөмірі 8 800 080 48 48 (қоңырау шалу тегін).