Тарих пәнінен жас мұғалімдерге арналған семинар

     

      

     

    2021 жылғы 24 қарашада «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық шеберлік мектебінің жұмысы аясында,Қостанай облысыныңтарихпәнінің жас мұғалімдеріне арналған on-line семинар өткізді.

    Семинарда Қостанай қаласының тарих пәнінің мұғалімдері Б.Е. Базарбаева, Г.Б. Исенова (С.Мәуленов атындағы гимназия педагогтері),С.А. Молдабаеваның (физика-математика лицейінің мұғалімі) дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі көрсетілді.

    Балганат Еркимбаевна, Гульмаржан Беришбаевнажас мамандарға дарынды балаларды анықтау тәсілдері мен даму ерекшеліктерін, оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша жұмыс жоспарын ұсынды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау бойынша ұсынымдарымен бөлісті.

    Сауле Абаевнасеминарқатысушыларын олимпиадаларға дайындық кезінде тарих сабақтарында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру, интернет-ресурстарды қолдану үшін жұмыстың белсенді нысандары мен әдістерімен таныстырды, сондай-ақ олимпиадалық есептерді шешу бойынша ұсынымдарды ұсынды.

    Семинар қорытындысы бойынша жас тарих педагогтерінің жинақ сандықшасы ОҒҚ мен олимпиадаларға дайындық бойынша әдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ дарынды оқушыларды сабақтарда қолдау тәсілдерімен толықтырылды.

    Мұғалімдерге жұмыс тәжірибесін ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.