2023 жылғы 3 қазанда жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XV Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.

Ережеге сәйкес олимпиадаға бұрын Республикалық олимпиадаға қатыспаған 11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада жаратылыстану-математика циклінің 4 пәні бойынша өтті: математика, физика, химия және биология. Биыл олимпиадаға қатысушыларға дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар – есептер дайындалды. Тек биология бойынша тест тапсырмалары ұсынылды. Олимпиаданың осы кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ықтимал балл – 100 балл (әр пән бойынша 25 балл).

Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарынан 112 оқушы қатысты. Олимпиада дәстүрлі форматта А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында ұйымдастырылды.

Кезең қорытындысы бойынша 20 қазанда өтетін қашықтық кезеңге қатысу үшін ең жоғары балл жинаған 19 оқушы іріктелді.

 

ИТОГИ