Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардыңматематика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы
2023 жылғы 1-3 наурызда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардыңматематика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті.
Еліміздің барлық өңірлерінен қатысушылар «Математика», «Қолданбалы математика», «Экономикадағы математикалық әдістер», «Механика» секцияларында жобаларды ұсынды.
Қостанай облысының атынан Қостанай қаласынан, Қарабалық ауданынан, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 11-сыныптың 7 оқушысының 6 жобасы – оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі жүлдегерлері қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелерібарлық жобаларды марапаттады: оның ішінде 3 жоба (4 оқушы) I орын, 1 жоба (1 оқушы) II орын және 2 жобалар - ІІІ орын алды.
№ |
Қатысушының ТА |
Секция |
Мектеп |
Орын |
|
ОразбайНұрхан |
Механика |
«Озат» мамандандырылғанақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты |
І |
|
Федорук Евгений, Осетров Вадим |
Механика |
Б. Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектеп,Қостанай қаласы |
І |
|
Безносенко Михаил |
Математика |
Новострой жалпы білім беретін мектебі, Қарабалық ауданы |
І |
|
Титова Ангелина |
Қолданбалы математика |
А.М. Горький атындағы гимназия, Қостанай қаласы |
ІІ |
|
ОримбаеваДильназ |
Математика |
Физика-математикалық лицей, Қостанай қаласы |
ІІІ |
|
Хасенова Алина |
Экономикадағы математикалық әдістер |
Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты |
ІІІ |
Оқушылар мен олардың тәлімгерлерін лайықты жеңісімен құттықтаймыз!