«Химия пәнінен олимпиадалық есептерді шешу» атты оқыту семинары

    Жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына оқушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 16-17 қазанында «Қостанай дарыны» ӨҒПО базасында мұғалімдерге арналған «Химия пәнінен олимпиадалық есептерді шешу» атты оқыту семинары өтті.

    Жаттықтырушы ретінде химия пәнінің мұғалімі, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты оқушыларының құрама командасының жаттықтырушысы Ахметов Сұлтан Құрманғалиұлы шақырылды.

    Семинар соңында өткізілген рефлексия оқытудың жоғары деңгейін және мазмұнмен қанағаттанушылығын көрсетті. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.