«Кітап – асыл қазына» конкурсының қорытындысы

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және «Қостанай дарыны» ӨҒПО жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 26-27 қазан аралығында «Кітап – асыл қазына» классикалық әдебиет шығармаларын оқудың облыстық конкурсы өткізілді. Конкурсқа 7-9 сыныптардан 989 оқушы қатысты: Антуан де Сент – Экзюпери «Маленький принц» шығармасы бойынша 656 оқушы және Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармасы бойынша 333 оқушы.

    Тестілеу қорытындысы бойынша 245 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 157 оқушы Антуан де Сент – Экзюперидің «Маленький принц», 88 оқушы Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» шығармалары бойынша жүлдегер атанды. 530 оқушыға сертификат берілді.

    Алтынсарин (61), Амангелді (89), Қарасу (70), Қостанай (148), Б.Майлин (65), Сарыкөл (54), Федоров (63) аудандарының оқушылары белсенділік танытты.

    Өңірлер арасында кітап оқу бойынша Арқалық қаласының және Алтынсарин, Амангелді, Науырзым аудандарының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

    Сертификаттар мен дипломдар мына сілтеме https://drive.google.com/drive/folders/1V9Mnl_ZJh89bQEZ_k-_KLT_cdd0RRuy9?usp=sharing  бойынша 2022 жылдың 20 қарашадан бастап қолжетімді болады.

    Құттықтаймыз!

     

    ИТОГИ