«Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың 6 қазанында Сарыкөл ауданының 8-11 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалау ұйымдастырылды. Диагностиканың 1 кезеңіне «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Урицкий мектеп-лицейі» КММ мен «Сарыкөл ауданы білім бөліміның Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нен 35 оқушы қатысты, оның ішінде 1 оқушы диагностиканың 2 кезеңіне өтті.

«Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды.

8-11 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді. Байланыс орталығының нөмірі 8 800 080 48 48 (қоңырау шалу тегін).