«Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының қорытындысы

     

      

     

     

     

    «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 01-02 наурыз аралығында Алматы қаласында «Жылдың үздік психологі» атты республикалық конкурсын өткізді, оның мақсаты кәсіби құзыреттерді оңтайлы меңгеруді көрсететін талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу болып табылады.

    Қостанай облысы білім беру ұйымдарының психологтері арасында Қостанай қаласы, Қарабалық ауданы және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының үш педагог-психологі қатысты.

    Конкурстың жүлдегері Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының педагог-психологі Санжан Полатбайқызы Перзентбаева болды (II орын). Екі педагог-психолог «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификаттарына ие болды.

    Құттықтаймыз!