«Қашықтан оқыту жағдайларында жылу құбылыстарын зерттеу» вебинары

    Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінен бастап «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы дарынды балаларға арналған мамандандырылған ұйымдармен бірлесіп он-лайн сабақтардың, вебинарлар мен практикумдардың жаңа сериясын іске қосты. Олар жоғары сынып оқушыларына, мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, психологтарға арналған.

    2020 жылдың 9 қыркүйегінде бірінші сабақ - «Қашықтан оқыту жағдайларында жылу құбылыстарын зерттеу» атты вебинар өтті. Вебинар студенттер мен мұғалімдерге арналған.

    Сабақты «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Татьяна Сергеевна Острянина өткізді.

    Вебинар тәжірибе сипатында өтті. Қатысушылар шай негізінде «Жылу балансын басқару» тақырыбындағы практикалық есептердің шешімдерін қарастырды. Тапсырмалардың шарттары оқушылардың өздері өткізген тәжірибелер түрінде ұсынылды.

    Сабақтың барлық жазбаларын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.