«Baytaq El» экология бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы туралы
22 желтоқсанда 9-11 (12) сынып оқушылары үшін экология бойынша «Baytaq El» Республикалық қашықтық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экология саласындағы заманауи үдерістер туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, тіршілік ету ортасының, тірі табиғаттың, денсаулықтың жағдайын жақсарту туралы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандыру.
Экологияның негіздерін зерттеу әрбір заманауи адам үшін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және оның сапасын жақсартудың қажетті шарты болып табылады.
Тапсырмалар бір дұрыс жауап нұсқасымен тест сұрақтары түрінде ұсынылды.
Сұрақтар саны - 30. Барлық тапсырмалар бойынша ең жоғарғы балл - 60 балл.
Олимпиадаға республиканың барлық өңірлерінен 17 574 оқушы қатысты.
Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларының ішінен 512 адам осы олимпиаданың қатысушылары атанды. Оқушылардың ең көп саны - Қостанай қаласының мектептерінен (146 адам), Рудный қ. (98 адам) және Қостанай а. (62 адам).
Облыс оқушылары экология бойынша жақсы білімдерін көрсетті: олимпиада жүлдегерлері 387 оқушы атанды (қатысу сапасы - 76 %), 135 бірінші, 158 екінші және 96 үшінші орынға ие болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдарымен марапатталады.