Оқушылар арасындағы III Халықаралық шахмат турнирінің қорытындысы
2020 жылдың 24-28 қараша аралығында «Дарын»Республикалық ғылыми-практикалық орталығы оқушылар арасында III Халықаралық шахмат турнирін өткізді.
Турнирдің мақсаты: мектеп оқушылары арасында шахмат ойынын насихаттау және танымал ету, олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Турнир жеке-командалық сипатта өтеді және қатысушылар 3 жас санатында жарысады: 9 жасқа дейін, 13 жасқа дейін және 17 жасқа дейін, ұлдар мен қыздар арасында.
Турнир ZOOM қосымшасын пайдалану арқылы өтті.
Қостанай облысының атынан Қостанай қаласының командасы - облыстық шахмат турнирінің жеңімпаздары болып табылды.
Турнир қорытындысы бойынша жалпы есепте 20 команданың ішінен біздің облысымыз 6 орынға ие болды.
Жеке есепте Саржанов Чингизхан 17 жасқа дейінгі жас санатындағы жасөспірімдер арасында бірінші орынды иеленді.