Мұғалімдерге арналған ағылшын тілі бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы

    2020 жылғы 30 сәуір күні Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған ағылшын тілі бойынша облыстық қашықтық олимпиадасы (бұдан әрі – олимпиада) өтті.

    Олимпиаданың мақсаты: педагогтарды шығармашылық белсенділікке ынталандыру, олардың өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына  қолдау көрсету.

    Облыс педагогтері олимпиадаға қатысуда жоғары белсенділік танытты. Олимпиадаға Амангелді, Жангелдин, Жітіқара аудандары мен Арқалық қаласының педагогтерін қоспағанда, облыстың 16 өңірінен жалпы білім беретін ұйымдардың және дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы және Білім-Инновация мамандандырылған мектептерінен 269 мұғалім  қатысты.

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша барлығы 86 жеңімпаз анықталды, оның ішінде: 1 орынға 12 мұғалім, 2 орынға – 30  және 3 орынға 44 мұғалім ие болды.

    Итоги Дистанционная олимпиада по английскому языку для учителей