«Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың 18-21 қыркүйегі аралығында Қостанай ауданының 8-11 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалау ұйымдастырылды. Диагностиканың 1 кезеңіне «Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречный мектеп-лицейі» КММ, «Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы» КММ, «Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Қостанай ауданы білім бөлімінің Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі» КММ-нен 510 оқушы қатысты, оның ішінде 50 оқушы диагностиканың 2 кезеңіне өтті.

«Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды.

8-11 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді. Байланыс орталығының нөмірі 8 800 080 48 48 (қоңырау шалу тегін).