Геометрия бойынша Иран олимпиадасының қорытындысы

    2024 жылғы 17-18 қазанда қашықтықтанГеометрия бойынша 11-ші Иранолимпиадасы өтті. Олимпиада бір мезгілде еліміздің 15 қаласында, оның ішінде Қостанай қаласында да аккредиттелген алаңдар базасындаөтті. Олимпиада 7-12 сынып оқушылары үшін 3 лигаға бөлініп өткізіледі: 1 лига – 7-8 сыныптар; 2 лига – 9-10 сыныптар; 3 лига – 11-12 сыныптар.

    Геометрия бойынша алғашқы Иранолимпиадасы 2014 жылы өтті. Егер бірінші олимпиадаға 10-нан аспайтын ел қатысса, 9-шы олимпиадада олардың саны 70-тен асты.

    Биылғы жылы олимпиадаға республиканың түкпір-түкпірінен 1245 оқушы, оның ішінде Қостанай қаласындағы НЗМ-дан 18 оқушы (7 қатысушы), дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатынан (10 қатысушы) және Алтынсарин ауданының Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінен (1 қатысушы) қатысты.

    Олимпиаданың барлық рәсімдері өткізілгеннен кейін 9 бірінші, 19 екінші және 76 үшінші орын алған 143 жүлдегер анықталды.

    Жүлдегерлер қатарында дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы – Саматов Әлихан (10 сынып) та бар. Ол II дәрежелі дипломмен марапатталды.

    Оқу жылының сәтті басталуымен құттықтаймыз!!! Жаңа жеңістер тілейміз!!!