Биология пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

Дата:
16.02.2024

«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 15 ақпанда «Биологиядан олимпиада тапсырмаларын шешу» облыстық семинарын өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану-математикалық циклі педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиадаға сапалы дайындығын қамтамасыз ету.

Семинарға Амангелді, Жангелдин, Науырзым аудандары мен Арқалық қаласынан 44 мұғалімі қатысты. Семинарды А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Аян Сұлтанқызы Қожмұхаметова өткізді.

Қатысушылар республикалық олимпиаданың әртүрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды қарап, оларды шешу жолдарын талдады. Барлық педагогтарға сертификаттар табысталды.

Оставить комментарий