«Полиглот» қашықтық олимпиаданың І тур қорытындысы
2022 жылдың 11-12 сәуірінде 5-6 сынып оқушыларына арналған «Полиглот» қашықтық олимпиадасының І туры өтті.
Олимпиаданың 1 турына 3 925 адам қатысты, ауыл өңірлерінен 2 089 адам (немесе 53,2%) қатысты.
Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары Қостанай қ. (885 адам), Қостанай ауданы (479 адам) және Рудный қ. (455 адам) атанды.
1 турдың қорытындысы бойынша оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгергендерін көрсетті. Барлық сұрақтарға жауап беру кезінде мүмкін болатын ең жоғары балл 100 балл құрады. Юсупова Анна (Б.Майлин ауданының № 1 Тобыл жалпы білім беретін мектебі) 99 балл жинады.
5-6 сынып оқушылары үшін олимпиаданың 2-турына қатысу үшін өту балы 60 және одан жоғары баллды құрады. Олимпиаданың 2 кезеңіне 2 948 оқушы өтті.
Олимпиаданың 2 туры 2022 жылдың 26-27 сәуірінде өтеді. Олимпиаданың 2-турында қатысушылар олимпиаданың 30 сұрағына жауап беру міндеттеледі.