Қостанай облысының мамандандырылған және инновациялық мектептерінің директорлар кеңесі

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 03 желтоқсанында Қостанай облысының мамандандырылған және инновациялық мектептерінің «Оқытудағы инновациялар, оның тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша on-line тәртібінде Директорлар кеңесі өтті.

    «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының педагогтары осы тақырып бойынша өздерінің жұмыс тәжірибелерін ұсынды.

    Мектеп директоры Раисов Рамазан Елеусизович «Білім беруге арналғанжаңа сын-тегеуріндері» атты өз баяндамасында қазіргі ақпараттандыру заманында оқытудың жаңа көзқарастарын, мұғалімдерге қойылатын талаптарын және оқушылардың дағдылары туралы сөз сөйледі.

    Директорлар кеңесінің қатысушылары ағылшын тілі, информатика пәндері бойынша он-лайн сабақтарға және биология мен орыс тілі пәндері бойынша квестэлементтері бар кіріктірілген сабаққа қатысты.

    Ұсынылған сабақтар инновациялық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен ерекшеленді, қатысушылар сабақтардың жоғары деңгейі мен шығармашылығын атап өтті. Біздің жас таланттарымызды - қонақтардың көптігіне және қашықтық жағдайына қарамастан, сенімді және белсенді оқыған мектеп оқушыларын атап өту керек.

    Мектеп директоры кеңесінің соңғы кезеңінде «химия пәні бойынша жобалық қызмет арқылы дарынды балаларды қолдау үшін жағдай жасау» (химия пәнінің мұғалімі К.А.Нугуманова) және «Оқу үдерісінде он-лайн құралдарды пайдалану» (информатика пәнінің мұғалімі А.А. Иващенко және физика мұғалімі Т.С.Острянина) мастер-кластарына қатысты. Қатысушылар мектепте жобалық қызметті жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптармен танысты, сонымен қатар қашықтықтан, аралас оқытуды ұйымдастыруға арналған бірқатар он-лайн құралдар мен платформаларды атап өтті.

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының мұғалімдер командасы оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін ұсынуда жоғары кәсібилік пен құзыреттілігін көрсетті.

    Мектептің педагогикалық ұжымына жетістіктер және алдағы зияткерлік жарыстарда оқушыларғажарқын жеңістер тілейміз!