Олимпиадалық бағдарламалау мектебі

     

      

     

    2021 жылдың 7 қыркүйек күні «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында оқушыларды информатика пәнінен олимпиадаға дайындау бойынша брифинг өтті.

    Спикер ретінде 10-сынып оқушысы Дощанов Ерлан сөз сөйледі, ол жазғы бағдарламалау мектебіне сапары туралы ақпаратпен бөлісті.

    2021 жылдың 15-31 шілдесі аралығында Ерлан Татарстан Республикасында орналасқан Иннополис қаласының олимпиадалық бағдарламалау жазғы мектебінде оқудан өтті. Ерлан оқушылармен инновация қаласы: Иннополисте жоғары технологияларды қолдану және адамдарға қамқорлық жасау арқылы салынып жатқан инфрақұрылым, Білім және сервис туралы өз әсерімен бөлісті. Университет туралы, сабақтар, оқу бағыттары, педагогтер туралы, олимпиадалық бағдарламалау мектебінде бос уақытты ұйымдастыру туралы айтып берді. Оқушылардың сапар ұйымдастыру, жазғы мектепте оқу, тұру, ақы төлеу, бос уақытты өткізу, алдағы жоспарларға қатысты сұрақтарына жауап берді. Оқушылар жазғы мектепте одан әрі оқуға, ниеттес достарын табуға қызығушылық танытты, ал Ерланға сәттілік пен осы бағытта одан әрі дамуын тіледі.