«Қыс-Көктем 2020» ҚИО олимпиадалар маусымының қорытындысы

    «Қыс-Көктем 2020» ҚИО олимпиадалар маусымы аяқталды. Қазақстандық Интернет олимпиадаларын ұйымдастыру комитеті біздің жобаға қатысқаны үшін барлық мұғалімдер мен оқушыларға шынайы алғысын білдіреді. Осы жылы қатысушылар мектеп пәндері бойынша жан-жақты білімдерін көрсетті, ал қойылған мақсатқа жетудегі тұрақтылық пен табандылық зияткерлік күрестің ажырамас бөлігі болып табылатыны сөзсіз.

    Маусым қорытындысы шығарылды, жеңімпаздардың есімдері белгілі болды, олар тек дипломдар ғана емес, сонымен қатар бағалы сыйлықтарға: бірінші орын үшін ноутбук, екінші орын үшін – смартфондар, үшінші орын үшін – USB flash ие болады. Жеңімпаздар әр топта маусым бойы 4 олимпиадада жинаған ең жоғарғы балл бойынша анықталды.

    Қостанай облысының білім беру ұйымдары оқушыларының арасында «Қыс-Көктем 2020» ҚИО олимпиадаларының үздік қатысушылары қатарына Қостанай ауданы мектептерінен 3 оқушы кірді.

    6-7 сынып оқушылары арасында III орынды Қостанай ауданы Александров орта мектебінің оқушысы Рената Базаркина иеленді.

    8-9 сынып оқушылары арасында II орынды Қостанай ауданы Владимиров орта мектебінің оқушысы Мушкудиани Николоз иеленді; III орынды Қостанай ауданы Владимиров орта мектебінің оқушылары Максим Печуркин және Сергей Передерий иеленді.

    Құттықтаймыз!!!