«Ясауитану» республикалық байқауының қорытындысы

    2022 жылғы 13-14 қазанда Түркістан қаласында «Ясауитану-2022» республикалық байқауы өтті.

    Байқаудың мақсаты – түркі халықтарының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи хикметін насихаттау, өскелең ұрпақты ұлы ойшылдың мұрасын терең зерттеуге ынталандыру, тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін насихаттау.

    Қостанай облысының атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты:

    - Адебова Нұрсила – «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы, 11 сынып;

    - Қайыржан Гүлдана – «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Н.Г. Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, 11 сынып;

    - Түркен Айтбике – «Қарабалық ауданы білім бөлімінің М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, 8 сынып.

    Байқау қорытындысы бойынша Адебова Нұрсила грамотамен және 50 000 теңгеге сертификатпен марапатталды.