«Кітап – асыл қазына» конкурсының қорытындысы

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және «Қостанай дарыны» ӨОӘО жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 25-26 қаңтар аралығында «Кітап – асыл қазына» классикалық әдебиет шығармаларын оқудың облыстық конкурсы өткізілді. Конкурсқа 7-9 сыныптардан 1440 оқушы қатысты: Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» шығармасы бойынша 589 оқушы және Б. Полевойдың «Повесть о настоящем человеке» шығармасы бойынша 851 оқушы.

    Тестілеу қорытындысы бойынша 726 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 286 оқушы Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» шығармасы бойынша, Б. Полевойдың «Повесть о настоящем человеке» шығармасы бойынша жүлдегер атанды.                          255 оқушыға сертификат берілді.

    Алтынсарин (100), Амангелді (113), Қарасу (104), Қостанай (274), Б. Майлин (90) аудандарының оқушылары белсенділік танытты.

    Өңірлер арасында Алтынсарин (76), Амангелді (101), Қостанай (132) аудандарының оқушылары тестілеу бойынша жоғары нәтижелілік көрсетті.

    Сертификаттар мен дипломдар  http://tiny.cc/kitap2023 сілтемесі бойынша 2023 жылдың 27 ақпанынан бастап қолжетімді болады.

     

    Құттықтаймыз!

     

    ИТОГИ