«Химия пәнінен олимпиадаға дайындық жүйесі» вебинары
2020 жылғы 30 сәуір күні «Химия пәнінен олимпиадаға дайындық жүйесі» вебинары өтті.
Спикері - Султан Курмангалиевич Ахметов, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының химия пәнінің мұғалімі.
С.К. Ахметов химия пәнінен олимпиадаға дайындық жүйесі туралы айтып, олимпиадаға дайындалуға көмектесетін пайдалы ресурстарды (Google Classroom, Edpuzzle) ұсынды. Оқу құралы ретінде педагогтарға Н.Е. Кузьменко, В.В. Ереминнің «2500 задач по химии» оқуқұралы ұсынылды.
Сабаққа Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларынан, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл және Ұзынкөл, Б. Майлин аудандарынан, «Озат» МАТМЛИ-нан 62 педагог қатысты.