Математика және география пәні мұғалімдеріне арналған семинар

     

      

     

    Оқушыларды олимпиадаларға сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында «Қостанай дарыны» ӨҒПО жаратылыстану-математика бағытындағы ауыл педагогтары үшін семинарлар циклін өткізеді. 9 қазанда өткен онлайн семинарға Әулиекөл, Қарасу, Қостанай және Сарыкөл аудандарының 100-ден астам математика және география пәнінің мұғалімдері қатысты.

    Тренер ретінде Гаухар Коныспаевна Баубекова, педагогикалық білім магистрі, «А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ» КЕАҚ В. Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының экология және география кафедрасының аға оқытушысы («География» пәні) және Динара Шакировна Клышева, жоғары санатты мұғалім, Қостанай қаласы білім бөлімінің Горький атындағы гимназиясының педагог-зерттеушісі шақырылды.

    Семинардың мазмұны республикалық олимпиаданың және мектеп бағдарламасынан күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешуге бағытталған.