Dota 2 киберспорт пәні бойынша облыстық жарыстың қорытындылары
2020 жылғы 9-11 қараша аралығында Dota 2 киберспорт пәні бойынша облыстық жарыстар өтті, олардың ұйымдастырушылары «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты болып табылды. Жарыстар қашықтық форматта өтті. 8 команда қатысушылары өнер көрсетті: «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған Білім инновация лицей-интернаты, Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, № 1 мектеп-лицейі, Тобыл қаласы Наушабаев атындағы мектеп-лицейі, № 23 орта мектебі, № 3 мектеп гимназиясы, Тобыл қ. Мектеп-гимназиясы. Іс-шараға қатысушылардың жалпы саны 48 оқушы, 8 педагог құрады. Әр команда 5 ойыншыдан, бір қосалқы қатысушыдан және басшыдан тұрды.
Турнирді өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасында киберспортты ресми спорт түрі ретінде танымал ету, Қазақстан Республикасының киберспорттық әлеуетін одан әрі дамыту үшін ең мықты оқушы-киберспортшыларды анықтау болып табылды.
9 қарашада өткен Discord тұғырнамасында жарыстың салтанатты ашылуында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы цифрландыру жөніндегі директорының орынбасары Ермек Хамзатұлы Данкенов қатысушыларға адал ойын және жемісті еңбек тілеп, құттықтау сөз сөйледі.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша ширек финалға №23 орта мектебі, №1 мектеп-лицейі, Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты кірді.
Екінші күннің қорытындысы және жартылай финал ойындарының қорытындысы бойынша финалға №1 мектеп-лицейі, Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы және Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты кірді.
Финалдық ойындар 2020 жылдың 11 қарашасында сағат: 10:00-де Bo3 форматында өтті.
11 қарашада турнирдің салтанатты жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау болып өтті.
Жарыстың абсолюттік көшбасшылары Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты команданың қатысушылары атанды, екінші орынды Тобыл қ. мектеп-гимназия қатысушылары алды және үшінші орынды №1 мектеп-лицейге бұйырды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! Сіздерге шығармашылық табыс, шығармашылық идеялар, жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!