Химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы

     

    2023 жылғы 1-6 мамыр аралығында Астана қаласында Назарбаев Университетінің базасында химия пәнінен оқушылар арасында 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті.

    Менделеев олимпиадасына әлемнің 21 елінен Австрия, Әзірбайжан, Армения, Бразилия, Венгрия, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Македония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Хорватия және т. б. 116 оқушы қатысты.

    Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамына химия бойынша олимпиадалық резервтің мүшелері болып табылатын 15 оқушы кірді.

    Қостанай облысының атынан «Білім – Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Қали Асанәлі қатысты.

    Қали Асанәлі Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

    Сонымен қатар, Асанәлі химиядан республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері, 2022-2023 оқу жылындағы республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері.