2023 жылдың 25-31 қазаны аралығында «Бөбек» ҰҒПББО базасында оқушылардың М. Әбділдин атындағы «Адам. Жер. Ғалам» дәстүрлі республикалық турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты: оқушыларға ғарыштық білім беруді дамыту және дарынды балаларды қолдау, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономияға, физикаға, космонавтикаға қызығушылығын арттыру, факультативтердің, ғарыш бағыты бойынша үйірмелердің жұмысын жандандыру, ғарыш және ғарыш технологиялары туралы білімді зерделеу және практикада қолдану, дарынды оқушыларды анықтау, мамандық таңдауда көмек көрсету.

Қостанай облысы атынан Лисаков қаласы мектеп-лицейінің командасы қатысты. Лисаковтықтардың мұндай турнирге қатысу тәжірибесі мол. Олар бұл жылы да жүлделі орынсыз қалған жоқ. Алдымен олар турнирдің финалына Түркістан облысы, Алматы қ. ФМБ НЗМ, Алматы қ. ХББ НЗМ, Шымкент қ. ФМБ НЗМ және РФММ командаларымен бірге оңай өтті. Іріктеу және жартылай финалдық ойындарда біздің команда жоғары ұпай жинап, өздерін жақсы жағынан көрсетті.

Бәсекенің зорлығына қарамастан, біздің команда ІІ орынға ие болды!!! Бұл лайықты жеңіс!!!

Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!! Міне, жеңімпаздардың есімдері!!!

 

 

ТАӘ

Білім беру ұйымы

Сынып

1.

Пилипенко Милана

Лисаков қ. мектеп-лицейі

9

2.

Мадиева Дария

Лисаков қ. мектеп-лицейі

9

3.

Байзакова Дария

Лисаков қ. мектеп-лицейі

10

4.

Саламатов Иван

Лисаков қ. мектеп-лицейі

9

5.

Сивков Иван

Лисаков қ. мектеп-лицейі

9