«Қостанай дарыны» ӨОӘО қызметкерлері Қазақстан Республикасының Заңдарын білу тестілеуінен өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар шеңберінде бірінші жартыжылдықта оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері мен әкімшілік бөлігіне құқықты жаппай оқыту өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қаралды. Аталған іс-шаралардың қорытындысы бойынша 18 қарашада тестілеу өткізіліп, оған орталықтың 19 қызметкері қатысты.

Нәтижелерді талдау ақпаратты білудің жоғары деңгейін көрсетті. Ең төменгі балл 24 немесе 80 % құрайды, бұл да жоғары балл, ең жоғары балл 29-ды 7 адам жинады.