«Қостанай дарыны» өңірлікоқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 10-11 қазанында 2-4 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен «Funny English» атты қашықтық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және көтермелеу, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, шет тілін меңгеру деңгейін арттыру.

Олимпиадаға Қостанай облысының 19 өңірлерінен 2923 оқушы,оның ішінде 1754 (немесе 60 %) қатысушыауылдық жерлердегі мектептерден қатысты. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары Қостанай (806 қатысушы), Әулиекөл ауданының (210 қатысушы), Рудный қаласының (440 қатысушы) оқушылары болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 727 оқушы жүлдегер атанды, оның 107-і 1-орын, 279-сы екінші және 371-і үшінші орын алды. Бұл олимпиадада Қамысты ауданынан (45% сапа) және Алтынсарин ауданынан (38%) бастауыш сынып оқушылары ең сапалы өнер көрсетті.

Барлық жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

ИТОГИ