ТжКББ студенттеріне арналған қашықтық олимпиадалары қорытындысы

    2022 жылғы 23-25 мамырда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курс студенттері үшін қашықтан облыстық олимпиадалар өтті.

    Олимпиадалар физика, химия және биология пәндерінен ұйымдастырылды.

    Олимпиадаларға Қостанай облысы колледждерінің 1 063 студенті қатысты, оның 309-ы ауылдық жерлерден.

    Қатысушылар химия пәні бойынша олимпиадаға үлкен қызығушылық танытты – 379 қатысушы, алайда физика пәнінен тапсырмаларды жақсы орындады (131 жүлдегер немесе 41,9 % сапа).

    222 студент олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 36-сы 1-орын, 77-сі екінші және 109-ы үшінші орын алды.

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары беріледі.

     

    ИТОГИ