Қазақстан тарихы пәні бойынша «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық олимпиаданың қорытындысы

     

    2023 жылғы 4-5 мамырында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті  Қазақстан тарихы, археология және өлкетану пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» республикалық онлайн пән олимпиадасын өткізді.

    Республикалық онлайн-олимпиаданың мақсаты - оқушыларды тарихи сананы қалыптастыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан тарихы, өлкетану білімі мен зерттеулеріне тарту болып табылады.

    Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сыныптарының оқушылары қатысты. Республикалық онлайн пән олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің әртүрлі аумақтарынан қатысқан 8 оқушы жүлделі орындарға, ал 5 оқушы әртүрлі номинациядан алға шықты.

    Қостанай облысының командасы 5 оқушыдан құралды.

    Олимпиада екі кезеңнен өтті: бірінші – тестілеу, екіншісі – берілген тақырыпқа жоба қорғау. Әділқазылар алқасының шешімімен жалпы ұпайлар бойынша командалық сайыста Қостанай облысының командасы ІІ орынға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды.

    • Қостанай қаласының №3 мектеп –гимназиясының 11 сынып оқушысы Бикмухамбетова Джамиля – ең жоғары ұпай жинап, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 6В01601 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша 4 жылдық грантқа ие болды.
    • Олимпиада барысында «Үздік зерттеуші» номанициясына Әулиекөл ауданының С. Баймагамбетов атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Ремезов Ренат ие болды.

    Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, жеңімпаз командалардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

    Олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!