Олимпиадалық команда үшін оқу-жаттығу жиындары

     

      

     

     

     

    2022 жылғы 11-15 сәуір аралығында Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқу-жаттығу жиындары өтті.

    5 күн ішінде аймақтың олимпиадалық командасының құрамына кірген қатысушылар олимпиада пәндері бойынша қосымша дайындықтан өтті.

    Жаттықтырушылар облыстық және республикалық деңгейдегі олимпиадаларға дайындауда үлкен тәжірибесі бар А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті тіл білімі институтының оқытушылары болды.

    Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін осындай жиындар а.ж. 28 наурыз және 1 сәуір аралығында өтті, онда республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаған А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтары тренер болды.

    Жиындардың негізгі мақсаты - алдағы күндері өтетін республикалық олимпиадаға терең дайындық.