Ә. Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Ұлы мұра» марафоны аясындағы қашықтық олимпиадасының қорытындысы

Дата:
11.03.2024

Биылғы жылы Ә. Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Ұлы мұра» дәстүрлі марафоны басталды.

2024 жылғы 4-5 наурызда 8-11 сынып оқушыларына арналған қашықтықтан олимпиада өтті, оның тапсырмалары Ә. Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын, оның туындыларын және қоғамдық, әдеби қызметінің ең жарқын оқиғаларын білуге арналды.

Марафонның мақсаты Ә. Кекілбаевтың мұрасын зерделеуге деген қызығушылықты өзектендіру және оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыру болды.

Олимпиадаға Қостанай облысының 14 өңірінен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының 468 оқушысы, оның ішінде ауыл мектептерінен – 308 (немесе 65,8 %) оқушы қатысты.

Олимпиада екі жас санатында өтті: 8-9 және 10-11 сыныптар. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 8-9 сынып оқушылары (306 қатысушы) болды. Өңірлер арасында Қостанай ауданының (50 қатысушы), Қостанай қ. (49 қатысушы) және Амангелді ауданының (47 қатысушы) оқушылары белсенді болды.

135 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 8 оқушы – І орын, 28 оқушы – ІІ орын және 99 оқушы – ІІІ орын алды.

Барлық қатысушылар сертификаттар алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Алдағы алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңізге табыстар тілейміз!

 

ИТОГИ

Оставить комментарий