«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты Республикалық инновациялық идеялар конкурсының қорытындысы
2021 жылғы 26-28 қазанда ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»
қашықтық форматта «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты Республикалық инновациялық идеялар конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты: оқушыларды ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілікте жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Конкурсқа барлығы 170 оқушы, конкурстың облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Қостанай облысынан Қостанай және Рудный қаласының оқушылары қатысты.
1 орын - «ОЗАТ» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Глоба Богдан «Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру» атты номинациясы
2 орын - «Рудный қаласы білім бөлімінің № 19 жалпы білім беретін мектебі» 9 сынып оқушысы Шахатова Асел «Құрылыс саласындағы жобалар» атты номинациясы;
3 орын – «Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылығы мектебі» тәрбиеленушісі, 9 сынып оқушысы Кочевин Кирилл «Су көлігі саласындағы техникалық құрастыру» атты номинациясы.
Қостанай облысының командасы 1 жалпыкомандалық орынға ие болып, Кубок және медальмен марапатталды. Конкурс қатысушыларына сертификат берілді.