Науырзым мен Меңдіқара ауданының жұмыс тәжірибесінен облыстық вебинарлар

    Облыс педагогтері үшін 2022 жылдың 20 мамырында «Дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдер» және «Мектептегі дарынды балалармен жұмыс» тақырыптарында 2 вебинар өтті.

    «Дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қолданылатын әдістер мен тәсілдер» вебинарын Науырзым ауданы Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің педагогтері өткізді.

    Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен мұғалімдер: Н.Н. Абдикенова (орыс тілі және әдебиеті), З.М. Минайдарова (химия),  К.А. Ахмат (тарих), сондай-ақ мектеп психологі А.А. Буратаева бөлісті.

    «Мектептегі дарынды балалармен жұмыс» вебинары аясында Меңдіқара ауданы мектептерінің педагогтері ұтымды жұмыс тәжірибелерін ұсынды. Вебинардың спикерлері Жангелдин және Ломоносов жалпы білім беретін мектептерінің ұстаздары болды.

    Вебинар спикерлері бастауыш сыныптарда дарынды балалармен жұмыс бойынша (Крохина Л.В., Ақылбекова Е.У.), тарих және география бойынша (Найманбаева Р. Ж.), орыс тілі және әдебиетінен (Вольская О.М.), химия бойынша (Утеулина Л.Ж.) өз тәжірибелерімен бөлісті.

    Спикерлердің әрқайсысының оқу тәжірибесінде кеңінен қолданылатын өзіндік педагогикалық авторлық әзірлемелері, оқу құралдары, таңдау және факультативтер курстарының авторлық бағдарламалары бар. Мұғалімдер дарынды балалармен жұмыс жүргізудің өзіндік әдістері мен тәсілдерін іздеу және әзірлеу ісін бір сәт те тоқтатқан емес.

    Вебинарларға Қостанай облысының білім беру ұйымдарынан 40 адам қатысты.

    Вебинарлардың бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан қарай аласыздар.