Педагогтар мен оқушыларға арналған вебинарлар
Ағымдағы жылғы 5 және 9 қазан аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Қостанай облысының мұғалімдері мен студенттеріне арналған бірқатар он-лайн сабақтар мен вебинарлар өткізді.
5 қазан күні «Менің облысымдағы киелі жерлер топонимиясы» вебинары өтті. Вебинарды Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі А.Ж. Бурамбаева өткізді. Вебинар барысында педагог «топонимика» деген не екенін түсіндірді. Біздің облысымыздың топонимдерінің мысалында топонимдердің түрлерін талдап, Қостанай облысының киелі орындары атауларының шығу тегіне тоқталды.
7 қазанда "Озат" Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі А.С. Колесникова «Тереңдетілген математика» тақырыбы бойынша вебинар өткізді. «Екі айнымдағы бексызықты теңдеулер жүйелері». Вебинар жұмысында "Озат" мектебінің оқушылары белсенді қатысты, олар ұсынылған жаңа тақырыпты интерактивті режимде талқылады. Сонымен қатар педагог қашықтықтан оқыту режимінде сәтті қолдануға болатын жұмыс тәсілдер мен әдістерін көрсетті.
8 қазан күні Дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының ағылшын тілі мұғалімі Ирина Викторовна Сидлецкая өткізген «Understanding and recalling spoken English» тақырыбы бойынша екінші сабақ өткізілді. Қатысушылар санаты – педагогтар және ағылшын тілін тереңдетіп оқытумен айналысатын 10-11 сынып оқушылары. Сабақ бір мәтінді талдауға, ұсынылған мәтінді ойланып, түсінуге көмектесетін өзекті сөздермен жұмыс істеуге негізделген.
9 қазан күні Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты математика пәнінің мұғалімі. Қ.Е. Хасенова «Бір тригонометриялық теңдеуді бірнеше әдіспен шешу» алгебрадан он-лайн сабақ өткізді. Сабақтың тыңдаушылары мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің 10 сынып оқушылары мен педагогтары болды. Сабақ барысында қатысушыларға тригонометриялық теңдеулерді әртүрлі тәсілдермен шешу ұсынылды.
Он-лайн режимдегі сабақтарға облыстың білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық тыңдаушысы қатысты.
Сабақтың барлық материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.