Халықаралық олимпиададағы жеңіс!!!

     

      

     

    Ағымдағыжылдың 25 шілдесі мен 3 тамызы аралығында математика, физика, информатика пәндері бойынша оқушылардың ХХVIII халықаралық «Туймаада» олимпиадасы өтті.

    Беделді олимпиадалардың біріне әлемнің 7 елінен: Ресей, Индонезия, Румыния, Сингапур, Қазақстан, Болгария, Ираннан 250-ден астам оқушы қатысты.

    Біздің елдің атынан 74 қатысушы бақсынады. Қостанай облысының намысын дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 2 оқушысы қорғады: Самойленко Арсений (9 сынып, физика) және Даутов Жан (8 сынып, математика). Арсений мен Жан – 2021 жылғы республикалық оқушылар олимпиадасының жүлдегерлері.

    Екі күн бойы қатысушылар осы олимпиада үшін арнайы дайындалған күрделі авторлық есептерді шешті. Есептерді шешуде Самойленко Арсений үздіктердің арасынан табылып, олимпиаданың қола медалін иеленді!!! Арсенийді, оның тәлімгерлері мен ата-анасын жеңісімен құттықтаймыз!!!