«IT Start-2022» жазғы академиясының екінші тақырыптық ауысымы

    2022 жылғы 30 мамыр мен 3 маусым аралығында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты базасында «IT Start» жазғы академиясының екінші тақырыптық ауысымы өткізілді, оның мақсаты – өңір оқушылары мен педагогтерінің IT-құзыреттілігін арттыру, Қостанай облысының оқушылары мен мұғалімдері үшін инновациялық орталық пен зерттеу алаңын құру.

    Екінші ауысымға Қарабалық, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл, Денисов, Қостанай аудандарынан, сондай-ақ Рудный, Қостанай және Жітіқара қалаларынан барлығы 9 команда қатысты.

    IT саласындағы роботты техника және бағдарламалау, олимпиадалық бағдарламалау, веб-дизайн және әзірлеу сияқты өзекті және сұранысқа ие бағыттар бойынша 5-6 сыныптардың 27 оқушысы және 9 педагог оқытудан өтті. Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары, мектеп педагогтары және мектеп киностудиясының жетекшісі тьюторлар болды: Храмей Ирина Сергеевна, Иващенко Андрей Александрович, Амербаев Асқар Алпысбаевич, Ососкова Анастасия Витальевна.

    Шеберлік сабақтарын өткізу үшін IT саласындағы жоғары білікті педагогтар шақырылды.

    Байтұрсынов атындағы КӨУ информатика кафедрасының аға оқытушысы Жарлыкасов Бахтияр Жумалыевич «Робототехника және машиналық оқыту» пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сабақтарын өткізді.

    А.М. Горький атындағы гимназияның қосымша білім беру педагогы Саканов Серик Муратович білім алушыларды білім беру үдерісінде 3D-модельдеуді қолданумен таныстырды.

    Қатысушыларды «М.Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогы Евгений Евгеньевич Касаткин ұсынған робототехникалық конструкторлар қызықтырды.

    Сабақтан бос уақытта балалар үшін командаларды біріктіруге және белсенді демалуға бағытталған бос уақыт бағдарламасы ұйымдастырылды. Сайыстар, қозғалмалы ойындар, көңілді старттар ауысымға қатысушыларды сергектік пен жағымдыкөңіл-күймен жігерлендірді.

    Белсенді қатысушылар жұмыс күнінің соңында имидждік белгілермен және магниттермен марапатталды.

    Тақырыптық ауысым аяқталғаннан кейін білім алушылар оқыту барысында құрылған өз жобалар ынтаныстырды.

    «Веб-дизайн әзірлеу» бағыты бойынша жобаларды таныстыру қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздаран ықталды:

    1 орын - Зубенко София (Қостанай қ.)

    2 орын – Крысенко Павел (Жітіқара ауданы) және Туленов Амихан (Қостанай ауданы)

    3 орын – Төрткара Ералы (Қостанай ауданы) және Калашников Илья (Сарыкөл ауданы)

    «Робототехника және бағдарламалау» бейіндік сыныбының жұмысы аяқталғаннан кейін «Сумо шайқасы» жарысы өткізілді, онда келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

    1 орын – Төрткара Ералы (Қостанай ауданы)

    2 орын Алтынбаев Нұртас (Рудный қ.)

    3 орын Жапаев Айдос (Сарыкөл ауданы)

    «Олимпиадалық бағдарламалау» бейіндік сыныбы информатика пәнінен олимпиадамен аяқталды, оның нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

    1 орын - Тетерюк Даниил (Әулиекөл ауданы)

    2 орын - Крупа Анатолий (Сарыкөл ауданы)

    3 орын - Рац Алексей (Қостанай қ.)

    «Үздік бейіндік - сынып» номинациясының жеңімпаздары:

    Зубенко София - Веб-дизайн және әзірлеу

    Төртқара Ералы - Робототехника және бағдарламалау

    Сычева София олимпиадалық бағдарламалау

    Жобаларды қорғау, Бос уақыт бағдарламасы конкурстарының нәтижелері бойынша тақырыптық ауысымның салтанатты жабылуында «IT Start-2022» жазғы академиясының екінші тақырыптық ауысымының ең белсенді 4 командасы жарияланды

    1 орын — Жітіқара ауданының командасы;

    2 орын — Қостанай қ. командасы

    3 орын — Қостанай және Әулиекөл аудандарының командалары.

    Тақырыптық ауысымның барлық қатысушылары ұйымдастырушылардан сыйлық ретінде естелік дәптерлер мен қаламдаралды. Жеңімпаздар дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды: кепка, саптыаяқ, құлаққап, магнит, белгішелер.