«МЖМБС-ті іске асыру жағдайында бастауыш мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері» облыстық вебинары

    Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерінде педагогтердің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылғы 15 ақпанда Алтынсарин ауданының М. Хакімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы «МЖМБС-ті іске асыру жағдайында бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері» атты тәжірибеге бағытталған облыстық вебинар өткізді.

    Вебинардың негізгі мазмұндық бағыттары бастауыш мектепте дарынды балалармен жұмыс істеудің инновациялық педагогикалық тәжірибесімен бөлісу, сонымен қатар дарынды балаларды анықтау және дамыту үшін заманауи технологияларды қолдану (пән мұғалімдері жұмыс тәжірибесінен) болды.

    Вебинарда төменде көрсетілген педагогтердің практикалық жұмыс тәжірибесі таныстырылды:

    1. Ягодина С.А., бастауыш сынып мұғалімі, «Дарынды балалармен жұмыс білім сапасын арттыру факторы ретінде»;

    2. Таранда Н.А., бастауыш сынып мұғалімі, «Шығармашылық әлеуетті дамыту дарынды балалармен жұмыс бағыттарының бірі ретінде»;

    3. Қуанышқалиева Г.А., бастауыш сынып мұғалімі, «Жобалық қызмет балалармен жұмыстың тиімді түрі ретінде»;

    4. Кенжебаева Б.Я., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Дарынды оқушыны дамыту – заман талабы»;

    5. Ребро О.А., бастауыш сынып мұғалімі, «Педагог-психологтың мектеп жасындағылармен жұмысының ерекшелігі;

    6. Жамарова Г.М., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Қазақ тілі сабағын оқытуда бастауыш мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері».

    Вебинарға облыстың білім беру ұйымдарынан 91 педагог қатысты.

    Вебинардың бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨОӘО арнасынан қарай аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ.