«Кітап – асыл қазына» атты классикалық әдебиет шығармаларын оқудың облыстық конкурсының қорытындысы

     

    2021 жылдың 08-29 қаңтар аралығында «Қостанай дарыны» ӨҒПО жоспары аясында, ауылдық жерлерде тұратын жалпы білім беретін мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында Д.Дефоның «Робинсон Крузо» шығармасы бойынша «Кітап – асыл қазына» атты классикалық әдебиет туындыларын оқудың облыстық конкурсы өтті.

    Оқушылар конкурсқа белсенді қатысты. Барлығы 580 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде оқитын 226 оқушы, орыс тілінде оқитын 354 оқушы қатысты.

    Тестілеу нәтижесінің қорытындысы бойынша 118 оқушы 1-3 орынға ие болды, 213 қатысушы сертификатпен белгіленді.

    Итоги