«Ақберен» Республикалық конкурсының қорытындысы
29-31 қазан аралығында Ақтөбе қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» Республикалық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты: әдебиет, музыка, поэзия саласындағы дарынды оқушыларды анықтау. Конкурс алты номинация бойынша өткізіледі. Қостанай облысы Амангелді ауданы мен Рудный қаласының оқушыларымен таныстырылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1 орын - Рудный қаласы Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Ли Марк;
2 орын - Амангелді ауданы Тасты жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Қабдырашова Марал;
Грамота - Рудный қаласының № 19 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Мейримханова Арайлы.
Барлық қатысушыларға сертификат берілді.