Мамандандырылған және инновациялық білім беру ұйымдарының директорлар кеңесі

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 15 мамыр күні «Жобалау қызметі – мектеп-гимназияның инновациялық дамуының негізі» тақырыбында on-line режимінде мамандандырылған және инновациялық білім беру ұйымдарының директорлар кеңесі өтті. Осы тақырып бойынша Әулиекөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының педагогтары өз тәжірибесін ұсынды.

    «Қостанай дарыны» ӨҒПО директоры Гюльнара Кушкеновна Укина қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады.

    Мектеп-гимназияның директоры Салтанат Казикановна Максютова «Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясының инновациялық қызметінің жобалау менеджменті» тақырыбына сөз сөйледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Роза Тюлюгуновна Кабденова «Баймағамбетов оқулары» жобасын іске асыру арқылы педагогтар мен білім алушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру туралы айтты. Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Светлана Густавовна Вильгельм оқушылардың өзін-өзі кәсіби анықтаудағы мектептік жобалардың рөліне тоқталды.

    Одан соң қатысушылар назарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Мектеп тарихы мұражайының ашылуы» атты мектептік білім жобасы туралы бейнеэкскурсиясы ұсынылды.

    Мектепте білім алушылардың этнотөзімділік, полимәдени білімінің негізі болып табылатын «Достық шаңырағы» жобасы құрылған. Осы жобаның жұмысы туралы мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Дуртбаева әңгімелеп берді.

    С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы Ленинград облысының Сұлтан Баймағамбетов атындағы Киров гимназиясымен және Беларусь Республикасының Гродно қ. академик Е. Карский атындағы №1 гимназиясымен бірге табысты қызмет істеп келеді. Мектеп директоры С.К. Максютова осы халықаралық мәдени-білім беру жобаларының жұмысы туралы, ынтымақтастықтың болашағы туралы бөлісті.

    Іс-шара соңында мектеп педагогтары «Достық шаңырағы» мектеп ассамблеясының жұмыс тәжірибесін бейнепрезентация түрінде көрсетті.

    Іс-шараға облыстың 25 инновациялық білім беру ұйымы қатысты.