2023 жылғы 20 қазанда жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XV Президенттік олимпиаданың қашықтық кезеңі өтті.
Қашықтық туры Қостанай қаласы М. Горький атындағы гимназиясы базасында өтті. Өңірлік іріктеу қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 19 оқушы тест тапсырмаларына жауап беріп, ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазды.
Олимпиада жаратылыстану-математика циклінің 4 пәні бойынша өтеді: математика, физика, химия және биология. Олимпиаданың осы кезеңінің қорытындысы бойынша мүмкін болатын ең жоғары балл – эссе үшін 120 балл (тестілік тапсырмалар бойынша) және 10 балл.
Кезең қорытындысы бойынша олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысатын оқушылар іріктеледі. Ол Қарағанды қаласында а.ж. қараша айында өтеді.